11 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар
АСТАНА
Сағат 09.30-да литвалық танымал кардиохирург, Еуропаның жетекші мамандарының бірі Римантас Бенетис №2 қалалық көпбейінді аурухана базасында еліміздің алдыңғы қатарлы кардиохирургтері үшін халықаралық шеберлік сабағын өткізеді.
Ал сағат 10.00-де Мәжілісте Әлеуметтік-мәденидаму комитетінің кеңейтілген отырысы болады. Онда «Допингке қарсы заңнама» мәселесі қаралады.
Дәл осы уақытта Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де «Астана-Балет» театрында «Сахна сыртының құпиясы» атты бірегей экскурсияның іске қосылуына арналған баспасөз туры болады.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысын жүзеге асыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Спикер - ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.
«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір мен «ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-конкурсының, «Парыз-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау шарасы да осы күні өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен «ЕХРО конгресс орталығында» өтетін шара сағат 13.00-де басталады.
Сағат 15-00-де «ЕХРО конгресс орталығында» Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін «Индустриаландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір аясында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған көрме өтеді.
Осы уақытта Назарбаев орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында өткізілген «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталады.
Сағат 16.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаевтың қатысуымен өкілетті орган жанындағы ҮЕҰ-лар өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші кеңестің отырысы өтеді.
16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Ал кешкі сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Ақан серінің 175 жылдығына арналған «Думанды ел» кеші болады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де әл-Фарби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыдағы ООН, UNESCO, UNDP, UNAI өкілдіктерімен, БҰҰ-ның академиялық ықпал бағдарламасы мүшелерімен бірге «БҰҰ Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясының» 70 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізеді.
Сонымен қатар сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында Алматы қаласының уақытша сақтау қоймасынан құны 3 млн доллардан асатын жүктің із-түзсіз жоғалуына қатысты баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Ал кешкі сағат 16.00-де «Маревен Фуд Тянь-Шань» жаңа жоғары технологиялық өндірістік-логистикалық кешеннің салтанатты ашылуы болады.
ШЫМКЕНТ
Сағат 09.00-де Rixos Khadisha Shymkent қонақ үй кешенінде еліміздің үшінші мегаполисінің белсенді жастарының форумы басталады.