16:13, 15 Наурыз 2016 | GMT +5
112 жастағы Исраэль Кристал ғаламшардағы ең жасы үлкен ер адам атанды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 112 жастағы Исраэль Кристал (Yisrael Kristal) әлемдегі ең жасы үлкен ер адам деп танылды.

Исраэль 1903 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген, алайда оның жасын растайтын құжат қазір ғана табылды. Польшалық Лодзь қаласының мұрағатында табылған құжатта ер адам 1918 жылы осы қалада тұрғаны және ол кезде 15 жаста болғаны жазылған. 25 жасында Кристал үйленіп, кондитерлік фабрикада жұмыс істеді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін оны Освенцим концлагеріне жіберген. Оның жары сол жерде қаза тапты, босатылған кезде өзінің салмағы небәрі 37 келі болған.
Соғыстан кейін Исраэль Кристал Израильге барып, кондитерлік дүңгіршек ашып, екінші рет үйленді, деп жазды trinixy.ru.