115 павлодарлыққа жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Жұыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының 115 қатысушысы жаңа баспаналы болды.
None
None

9 қабатты жаңа үйдегі пәтерлердің кілттерін Павлодар әкімі Ержан Иманислам және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сағындық Есімханов тапсырды.

Жаңа үйлерге ие болғандардың арасында - жұмыссыздар, мүгедектер мен облыс орталығының еңбек нарығындағы қажет мамандықтарға арнайы курстарда оқып жатқан жас отбасылар бар.

Жаңа қоныс иелерінің ішінде әлеуметтік баспана құқығына ие 28 павлодарлық отбасы да енген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум