12 адамның қазасы: Өрт болған үйдің шатыры опырылып түскен
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Оның сөзіннше, өрт болған үйде екі отбасы, ата-аналары мен балалары тұрған.
— Түркістан облысы Жетісу ауданы Алғабас ауылында өрт салдарынан 9 бала қаза болды. Аталған үйде екі отбасы, ата-аналары мен балалары тұрған. Үйден өрт шығып, шатыры опырылып түскен. Өңірлік уәкіл Психологиялық қолдау орталығы мамандарымен бірге оқиға орнына шықты. Өрттің шығу себебі мен мән-жайы тергеліп жатыр. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамыз, — деп жазды Зәкиева.

Еске салсақ, Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Оның 9-ы бала.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтып, Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.