12 ай рекордтық жылу: Эль-Ниньоны Ла Нинья салқыны алмастырады

12 ай рекордтық жылу: Эль-Ниньоны Ла Нинья салқыны алмастырады
Фото: euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ сарапшылары биылғы жазда Эль-Ниньоның орнына салқын Ла-Нинья құбылысы алмастыратынын болжап отыр. Бұл туралы Euronews жазды. 

– 2024 жылдың мамыр айы рекордтық ең жылы ай болды, - деп хабарлайды ЕО-ның «Коперник» Климат қызметі.

Орташа температура өнеркәсіпке дейінгі кезеңнен 1,52°С жоғары және 1991 жылдан 2020 жылға дейінгі орташа деңгейден 0,65°С жоғары болды. C3S директоры Карло Буонтемпоның мәлімдеуінше, рекордтық ыстық айлар тізбегі және жаһандық жылыну үрдісі жалғасып жатыр. 

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМО) мәліметінше, Эль-Ниньо 2023 жылдың шілдесінен бастап жаһандық температураның көтерілуіне ықпал етті. Бірақ техногендік жылыну басты себеп болып қала береді. Эль-Ниньо маусым айында аяқталып, Тынық мұхитының орталық және шығыс бөлігіндегі суық температурамен сипатталатын Ла-Ниньяға жол беруі мүмкін. Алайда бұл жаһандық жылынудың жалпы тенденциясын өзгертпейді. 

ДМҰ Бас хатшысының орынбасары Ко Баррет Эль-Ниньо біткеннің өзінде ғаламшар парниктік газдардың әсерінен жылынуын жалғастыратынын атап өтті. Кейінгі 9 жыл Ла Ниньяның 2020 жылдан 2023 жылға дейін салқындатқыш әсеріне қарамастан, ең ыстық болды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram