12 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 12 қыркүйекте қандай танымал тұлғалар дүниеге келген? Kazinform оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ, мемлекеттік және қоғам қайраткері

Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ
Фото: kazpravda.kz

1956 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1983).

Еңбек жолын Жамбыл қаласының Орталық аудандық сотының сот орындаушысы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің әділет департаментінің кеңесшісі, аға кеңесшісі, Жуалы аудандық сотының халық судьясы, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы, төрағасы, Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Атырау, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болған. 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (08.2014-10.2014); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Регламент және парламенттік этика комиссиясының мүшесі (2014-2016); Парламент Сенаты төрағасының орынбасары (2016-2020); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

«Парасат» (2011), ІІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Ерболат Байұзақұлы САУРЫҚОВ, ғалым, мемлекет қайраткері

Ерболат Байұзақұлы САУРЫҚОВ
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

1971 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының Фурмановка ауылында дүниеге келген. Жамбыл педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті (1994); Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару (2011) мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының докторы (2010).

Еңбек жолы: университет жанындағы «Көне түркі жазба ескерткіштері» орталығының ғылыми қызметкері (1998-2000); М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, доценті, Жамбыл облысы (2000-2001); М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тестілеу орталығының бастығы, түркология орталығының басшысы (2001-2004); Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры (2004-2006); Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультетінің деканы, доценті, директорының орынбасары (2006-2010); Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры (2011-2012); Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының кафедра доценті, факультет деканы, профессор, бірінші проректоры, ректоры, қаржы директоры, президенті (2012-2022); Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылған Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2023-2026).

«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Нұрлан Жанұзақұлы АЛДАМЖАРОВ, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі

Нұрлан Жанұзақұлы АЛДАМЖАРОВ
Фото: primeminister.kz

1975 жылы дүниеге келген. Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын бітірге, инженер-гидротехник (1999).

Еңбек жолы: мемлекеттік және коммерциядық ұйымдарда жұмыс істеген (1999-2008); Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының м. а., жетекші маманы, бас маманы (2008-2012); Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары (2012-2014); ОҚО ТКШ және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы (2015); «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы (2015-2016); ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы (2016); ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары (2016-2018); Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы (2018-2020); ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы (2020-2023); Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі (2023-06.2025).

Қазіргі лауазымға 2025 жылдың маусым айында кірісті.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2019).

Әлібек АНТАЗИЕВ, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы

Әлібек АНТАЗИЕВ
Фото: БҚО әкімдігі

1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аудармашы (2004); Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құрылыс (2011) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: супервайзер, «Интернешнл Саппорт Сервисесз» ЖШС (2003); қоғамдық тамақтану бөлімінің супервайзері, «Юрест Суппорт Сервисез Казахстан» ЖСШ (2003-2004); менеджер, «Юрест Рейтеон Сервисез» ЖШС (2005-2006); тұтынушылық қызметтер бөлімінің менеджері, «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС (2006-2008); өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері, «ОблТрансГаз» КМК (2009); Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімі бас маманы (2009-2011); Орал қаласының құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі (2011-2012); Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы (2014-2015); Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы (2015-2016); Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары (2016-2019); Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы (2019-2025).

2025 жылдан бастап қазіргі қызметте.

Нұртаза ИБРАШЕВ, «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры

Нұртаза ИБРАШЕВ
Фото: КазМунайГаз

1984 жылы дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын бұрғылаушы көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «КазбурГаз» және «Parker Drilling» компанияларында, Қашаған кен орны және Жемчужина сияқты халықаралық жобаларда, «Agip KCO», «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани», «North Caspian Operating Company» мекемелерінде түрлі лауазымда жұмыс істеді (2006-2020); ҚазМұнайГаз компаниялар тобында мұнай сервистік бағыттағы еншілес және тәуелді ұйымдарына жетекшілік етті (2020-2022); «Мұнайтелеком» ЖШС бас директоры (2023-2026).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2026 жылдың наурызында кіріскен.

Дәулет КӘРІБЕК, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Дәулет КӘРІБЕК
Фото: inbusiness.kz

1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, саясаттану бакалавры, саясаттану магистрі, «PhD» (2012, 2014, 2018).

Еңбек жолы: Астана қаласы, Алматы ауданы «Jas Otan» МК төрағасының бірінші орынбасары (2009-2010); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының инспекторы (2012-2014); «Jas Otan» МК Хатшылығының ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы, облыстық кураторы (2014-2015); ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының қызметкері (2015-2016); «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының қызметкері (2016-2017); «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» МК Хатшылығының басшысы (2017-2018); «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» МК атқарушы хатшысы (2018-2019); «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» МК төрағасы (2019-01.2020); «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы (01.2020-01.2021); Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (04.2021-03.2022); «AMANAT» партиясы» ҚБ хатшысы (03.2022-07.2023); «AMANAT» партиясы» ҚБ атқарушы хатшысы (2023-2026).

2026 жылдың тамыз айында Құрылтай депутаты болып сайланды.