12 қыркүйекте елдің барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM — 12 қыркүйекке елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

погода ауа райы
Фото: Максат Шагырбай / Kazinform

Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматыда жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шымкентте өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады, оңтүстігінде өрт шығу қаупі өте жоғары болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады, облыс бойынша өрт шығу қаупі өте жоғары болады.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с, шығысында кей уақытта 25 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады, солтүстігі мен оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауылды жел соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Облыстың батысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. Облыстың батысы мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауылды жел соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, оңтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады, солтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары болады.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с болады. Өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.