12 маусым күні республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай, жел күшеюі сақталады, солтүстікте және шығыста күндіз бұршақ болуы ықтимал.

12 маусым күні республиканың  кей аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады

Тек Республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ болуы ықтимал.

Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.