12 наурызда ел аумақтарының басым бөлігінде тұман түсіп, көқтайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 наурызда еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның қалған аумақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағаңды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар
telegram