12 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ отандық ғылымды дамыту мәселелері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.
11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Қазмедиа орталығында «Eurasian Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
14.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында М. Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы қойылады.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Махаббат тангосы» концерті көрсетіледі. Бағдарламада аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың шығармалары орындалады.
19.00-де Жастар театрында «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұсынылады.