12 шілде. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
44 жыл бұрын (1978) «М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Бағдатқызы КӘРІБОЗОВА дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы: 2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (Болашақ бағдарламасы) президенті (2019-2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың ақпан айынан бастап.
42 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы жетекшісінің кеңесшісі Қайсар ЖҰМАБАЙҰЛЫ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді. 1997-2009 жылдар аралығында түрлі БАҚ саласында қызмет атқарды. Атап айтқанда, «Столичное образование», «31 арна», «Қазақстан» РТРК, «Хабар» АҚ әртүрлі қызмет атқарды. Инвестиция және даму министрінің баспасөз хатшысы, Астана әкімінің кеңесшісі, «Астана ақшамы» газеті редакциясы» ЖШС директоры болды; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры (2021-2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың маусым айынан бастап.
42 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сабыржанұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.
Қостанай облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетінде «экономист-менеджер» мамандығы бойынша (2002), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша оқу бітірген.
Еңбек жолы: «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ЖАҚ криминологиялық сараптама бөлімінің кіші ғылыми қызметкері (2003-2005); Астана қаласының ЖШС ««АБК-Құрылыс» корпорациясы» – экономист, бөлім бастығы, жетекші және бас экономист, ЖШС «АБК Құрылыс-монтаж басқармасы-3» бөлім басшысы (2005-2007); Астана қаласының «Билд Инвестментс групп» АҚ директорлар кеңесі төрағасының көмекшісі, «BI GroupAlmaty» ЖШС, «АБК Пласт» – бөлім басшысы, «Terra Plus.kz» ЖШС-де экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор (2007-2010) қызметін атқарған. Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің орынбасары (07.2010-2012);
Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі (09.2012-06.2013); Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы (2016); «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-сұлтан қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» мемлекеттік мекеме басшысы (2016-2020).
Қазіргі қызметін 2020 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (2019), ҚР Қаржы министрлігі (2018), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (2019) Құрмет грамоталарымен марапатталды.
71 жыл бұрын (1951) ҚР Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Ахметжанұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер; ОК КОКП жанындағы әлеуметтік ғылымдар Академиясы, саясаттанушы; Еңбек жолы: Алматы кілем тоқу зауытында жүкші-тасымалдаушы(1971-1973); Алматы қаласы Ленин аудандық халық сотының курьері (1973-1974); Алматы қаласы Октябрь аудандық сотының орындаушысы(1974-1977); Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокурор көмекшісі (1977-1980); Алматы қ. Фрунзе, Кеңес аудандық сотындағы халық соты (1980-1984); Қазақстан компартиясы ОК және Алматы обкомы әкімшілік органдарындағы бөлім инструкторы (1984-1986); ОК КОКП жанындағы әлеуметтік ғылымдар Академиясының тыңдаушысы (Мәскеу) (1986-1988); оқытушы, Қазақстан Компартиясы ОК ұлттық қатынастар бойынша идеологиялық бөлімінің инструкторы (1988-1990); Қазақ ССР Президент кеңесінің кеңесшісі (1990-1991); ҚР Жоғарғы Кеңесінің төраға кеңесшісі (1991-1992); ҚР Конституциялық сотында сот (1992-1995); ҚР Парламент Сенаты депутаты (1996-1999); ҚР Парламент Мәжілісінде ҚР Президенті өкілі (1999-2001); ҚР Парламентінде ҚР Президенті өкілдігі жетекшісінің орынбасары(2001-2004); СҚО бойынша әділет депатаменті басшысының орынбасары (2004-2005); ҚР Парламентінде ҚР Президенті өкілдігі жетекшісінің орынбасары (2005-2008); ҚР Парламентінде ҚР Президенті өкілдігінің сектор меңгерушісі (2008-2014). ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары болды.
«Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».