12 жасар қызды азғындыққа итермелеген ер адам сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу ауданының прокуратурасы 12 жасар оқушыға азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде оқитын 6-сынып оқушысымен танысқаны анықталды. Кейін бейнебайланыс кезінде ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.
— Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енді, — деп хабарлады қалалық прокуратурадан.
Еске салайық, бұған дейін 6 жасар қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен ақтөбелік сотталғанын жазғанбыз.