12 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі бұрқасын, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның аймақтарына атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы болатындықтын, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, жел күшейеді. Республиканың батысы, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

12 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі бұрқасын, көктайғақ болады

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Түнде Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.