18:42, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
12 жылдық мектепке 200 мыңға жуық бала барады ? Ж.Түймебаев
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2010 жылы 12 жылдық мектепке 6 жастағы 196 мың бала барады.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің айтуынша, бүгінде ол үшін 9 722 сынып жабдықталып, 6 274 ойын бөлмелері даярланды. Ағымдағы жылдың маусым айына дейін 1-ші сыныпқа арналған оқулықтарды шығару жоспарланып отыр. «Бірақ бүгінде мектептердің 23 пайызын күрделі жөндеуден өткізу қажет. Республикадағы мектептердің 65 пайызы 3 ауысыммен жұмыс істеуде. Мектеп оқушылары үшін 120 мың орын жетіспей отыр», - деді Ж.Түймебаев.