120 мың түлек ҚазҰУ-да бас қосады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ -  Қыркүйектің 17-де ҚазҰУ-дың әр жылдары бітірген түлектерінің кездесуі өтеді.
None
None

Бұл кездесу ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойы қарсаңына арнайы ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күні университеттің  бас ғимараты алдында ҚазҰУ-дың  мақтан тұтар түлектері бас қосады. Олардың жалпы саны 120 мың адам болмақ. Кездесу кешін университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов ашады. Сондай-ақ  

кездесу күніне орай Университетте «Біздің элита - Наша элита» атты кітаптың тұсаукесері өтті.Бұл басылым еліміздің алғашқы классикалық  университетінің танымал түлектері, мемлекеттік басқаруда және білім мен ғылымды, мәдениет пен әдебиетті дамытуға үлесін қосып, экономиканың сан түрлі саласында жүрген ҚазҰУ түлектеріне арналған.

Кездесудің  салтанатты рәсімдерінің бірі - Университет түлектерінің студенттерге жолдауы болмақ. Содан соң түлектер ғалымдардың атасы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.        Салтанатты кеш студенттер ұйымдастырған мерекелік гала-концертке ұласады. 

Соңғы жаңалықтар