13 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Сенатта «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасы: жағдайы, мәселелері және жетілдіру бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де Назарбаев Университетінде «Ұлт жоспарының 97-қадамы және аудиторлық қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де «Wyndham Garden» қонақүйінде «Жұмыс топтарында мақұлданған әліпби жобасын жетілдіру» бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтеді.
11.00-де «Солтүстік шұғыласы» Тұрғын үй кешенінде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді. Онда «Сыбайлас жемқорлыққа арнайы шолу - 2019» жобасы аясында кәсіпкерлердің пікірлерін зерттеудің негізгі қорытындылары талқыланады.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, сондай-ақ қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг ұйымдастырылады.
15.00-де Қазақстанның Ұлттық музейінде «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының құрастыруымен жарық көрген «Болат Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары» атты кітаптың тұсауы кесіледі.
16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кәсіпкерлікті дамытуға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер қол жетімді мүмкіндіктер, оның ішінде бизнес курстары, конкурстар, кеңестер арқылы бизнес мәселелерін шешу туралы айтады.