13 наурызда ел өңірлерінің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі - Қазгидромет
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.
Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 15-20, ал күндіз 30 м/с-тан асады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 17-22, ал Жарма ауданында 25-28 м/с-қа жетпек. Батыс Қазақстан,Павлодар,Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с. жел соғады. Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақмола, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысында тұман түсіп, 15/20 м/с. жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында да 15-20 м/с. жел тұрады, күндіз оның жылдамдығы 25 м/с-қа дейін жетеді.