13 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (13 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: Pixabay

АСТАНА

10:00-де Қорғалжын тас жолы, 2А мекенжайында Инклюзивті қоғам мәселелері бойынша «Инклюзивті білім беру: ҮЕҰ мен МӘМС-тің ынтымақтастығы» II Республикалық ҮЕҰ слеті өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

12:00-де Астана қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалында отандық зауытта құрастырылған жаңа электропойыз іске қосылады.

15:00-де Мәңгілік Ел даңғылы, 55/11 мекенжайында Cyber Challenge STS финалы өтеді.

15:00-де Керей, Жәнібек хандар көшесі, 5/1 мекенжайында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтеді.

15:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

16:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Дала тынысы» жеке көрмесі ресми ашылады.

Соңғы жаңалықтар