19:14, 10 Ақпан 2026 | GMT +5
13 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары 13 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2012 жылғы 12 қазанда Сайрам ауданында алты адам жәбірленушіні ұрып-соғып, кейін оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерге алып келген.
Алты күдіктіге қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.
– ҚР Конституциясына сәйкес ешкімнің адамды өмірінен өз бетінше айыруға құқығы жоқ. Барлығы заң мен сот алдында тең, – деп мәлімдеді Түркістан облысының прокуратурасы.
Айта кетейік, Шымкентте полиция сталкингтің екі дерегін әшкереледі.