14-16 қыркүйек аралығында еліміздің бірқатар аймағында күн суытып, үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Республиканың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және желкем ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.

Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде - 3-15 градус, күндіз - 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстікте түнде - ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді.

Күндіз - 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді.

14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде - ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады.


Соңғы жаңалықтар
Референдум