14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ел аумақтарының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, тек республиканың батыс өңірінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
None
None

Ақмола облысындағы желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді, кей жерлерде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде жел 28 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысында тұман түседі, екпінді жел соғып, оның күші 23-28 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында да қатты жел соғады. Түнде таулы аудандарда желдің күші 25 м/с дейін жетуі ықтимал. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, жер тайғақ болып, күші 15-20 м/с жететін жел соғады, кей жерлерлерде қар жауып, бұрқасындауы мүмкін. ШҚО-дағы желдің күші секундына 17-22 метрге жейін жетуі ықтимал, көктайғақ болып, түнде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар