14 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 14 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

14 қазан. С ӘР СЕНБІ

Стандарттаудың халықаралық күні. 1946 жылғы қазанның 14-інде Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты.

Халықаралық апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі күні. 1989 жылғы 22 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 44/236 қарарымен қазанның екінші сәрсенбісін Апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі халықаралық күні деп жариялаған қаулы шығарды. Бұл Халықаралық күн 1990-1999 жылдарғы Апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі халықаралық онжылдық кезеңінде жыл сайын аталып отырды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

76 жыл бұрын (1939) Жамбыл облысы құрылды. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.

Құрамына 10 аудан, 1 облыстық деңгейдегі, 3 аудандық деңгейдегі қалалар кіреді. Облыс түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптайтын, төсейтін және техникалық мақсаттағы тастарға, құрылыс материалдарына бай.

Облыста қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұрағат, кітапханалар, клубтар мен мәдениет үйлері бар. Тараз қаласының аумағында б.э.д. X-XI ғасырлардан сақталған Айша-Бибі және Бабажа қатын сағаналары, X-XIII ғасырлардан қалған Қарахан мен Дәуітбек сағаналары орналасқан.

69 жыл бұрын (1946) Қазақстан КП ОК жанындағы Республикалық партия мектебі ашылды.

21 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстандағы Ресейдің Төтенше және Өкілетті Елшісі В. Долговтан және Қазақстан Республикасындағы Ватиканның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Әулиелі тақтың апостолдық нунцийі Мариан Олледен сенім грамоталарын қабылдады.

21 жыл бұрын (1994) Астананың Революция көшесінде (қазіргі Сейфуллин к-сі) ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіші ашылды.

21 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Шөлге айналумен күрес жөніндегі конвенциясына (БҰҰ ШКК) қол қойып, 1997 жылдың 7 шілдесінде бекітті. Сол жылғы 9 шілдеде Қазақстан Конвенция Тарапы болды.

16 жыл бұрын (1999) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары құрылымын жетілдіру жөніндегі және олардың құзыреттерін анықтау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығы басылым бетіне шықты.

15 жыл бұрын (2000) Астанада К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры өзінің алғашқы театрлық маусымын ашты. Театр сахнасында М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Дж.Вердидің «Травиата», П.Чайковскийдің «Аққу көлі» опералары қойылды. Бүгінгі таңда театр репертуарында Л.Минкустың «Дон Кихот», А.Аданның «Жизель», Б.Астафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» сияқты 20-дан астам қойылымдары бар еліміздегі ең жас театр сахнасында Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының, Қазақ ұлттық музыка академиясының, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлектері және басқа да театрлардан шақырылған әртістер өнер көрсетеді.

13 жыл бұрын (2002) Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, салтанатты жағдайда, жаңа халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды.

7 жыл бұрын (2008) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстандағы тұңғыш алтыжолақты Астана-Щучинск автобанында қозғалысты ашу салтанаты өтті.

Мұндай жолдың бір шақырымының құны 3-4 миллион долларға жетеді. Бірақ оның сапасына 20-25 жылға кепілдік беріледі. Астана-Щучье жолының ұзындығы - 224 шақырым, соның ішінде алты жолақты қозғалысы - 215 шақырым. Жобаны жалпы құны - 115 млрд теңге.

6 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нормативтік құқықтық актілер жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті сараптаманы кезең-кезеңмен енгізуді көздейтін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама өткізу мәселелері бойынша өзгертулер енгізу туралы» Заңға қол қойды.

6 жыл бұрын (2009) БҰҰ-ның Мәскеудегі ақпараттық орталығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаһандық қоғамды түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітабының таныстырылымы өтті.

Кездесу аясында ресейлік және қазақстандық ғалымдар талдап жасаған 2050 жылға дейінгі «Өркениеттер болашағы және өркениетті серіктестік стратегиясы» жаһандық болжамының ІХ бөлімі таныстырылды.

6 жыл бұрын (2009) Қазақстанда www.yandex.kz порталының іздестіру жүйесі ашылды. Яндекстің порталында қазақстандық пайдаланушыларға бағдарланған барлық негізгі қызметтері ұсынылған. Онда іздестіру қазақ және орыс тілдерінің морфологиясын ескереді, сондай-ақ пайдаланушылардың локалдық сұраныстарына жергілікті сайттарды көрсетумен жауап береді. Мысалы, «Конституция» деген сұраныс бойынша - Қазақстан Республикасы Ата заңының мәтінін береді. Пайдаланушылар іздестіру тілін қазақ және орыс тілдерінде қолдана алады. Сондай-ақ порталда Астана және Алматы қалаларының толық әрі дәл карталары, жергілікті пойыздар мен ұшақтардың қозғалыс кестесі пайда болды.

5 жыл бұрын (2010) Анкарада Түркия астанасы мэриясының бастамасымен өткізілетін мәдениет, өнер, ғылым және халықаралық қатынастарға қосқан үлес үшін сыйлықтар табыстаудың жыл сайынғы 87-ші рәсімінде Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бағдад Әміреев халықтар арасындағы достықты дамытуға қосқан ерекше үлесі сыйлыққа ие болды.

2 жыл бұрын (2013) Алматыда Ұлы Жібек жолы бойынша Халықаралық форум басталды. Ол осы әлемдік тарихтың мәдени және географиялық саласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылардың басын қосты.

Шараның мақсаты - ҰЖЖ жалпы мәдени құндылығы мен потенциалын ой елегінен өткізіп, халықаралық мәдениеттерді жақындатудың он жылдығы аясындағы ғылыми-мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету.

2 жыл бұрын (2013) «АралАзовАгроМаш» ЖШС кәсіпорнында жиналған «IMT Baikonur-549» алғашқы тракторының таныстырылымы өтті. Оның кілті «АгроХолдингБайқоңыр» ЖШС-нің директорына табысталды.

Бір жыл бұрын (2014) Грекияда қазақтың қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллинге қатысты 1930 жылдардағы кезеңдегі латын әліпбиінде жазылған құжаттар табылды.

Бір жыл бұрын (2014) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жомарт Оторбаевпен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Бір жыл бұрын (2014) Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тұрғындары халықтың көп саны қатысқан флешмоб ұйымдастырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қала күнін мерекелеуге келген 11 мыңға жуық адам жергілікті стадионның футбол алаңын толтырып, акцияға қатысты. Энергетиктер мен металлургтар қаласының тұрғындары орталық стадионда қолдарына ұстаған сары және көгілдір түсті плакаттардың көмегімен «Бір Отан, Бір Тағдыр, Бір Елбасы! Алға, Қазақстан» патриоттық жазбасын шығарды.

245 жыл бұрын (1770) Александров бекінісінің негізі қаланды. 172 жыл бұрын (1843) Мендельсонның «Үйлену маршы» алғаш рет орындалды.

164 жыл бұрын (1851) Англияда әлемдегі ең ірі ақпарат агенттіктерінің бірі Рейтер құрылды.

15 5 жыл бұрын (1860) Петерборда опералық Мариин театры ашылды.

89 жыл бұрын (1926) ағылшын жазушысы Алан Милннің «Винни-Пух туралы» кітабы жарық көрді.

51 жыл бұрын (1964) Леонид Брежнев СОКП ОК бірінші хатшысы және КСРО басшысы болып, Никита Хрущевті алмастырды.

44 жыл бұрын (1971) алғаш рет Mariner 9 аппараты арқылы түсірілген Марс суреті жерге жеткізілді.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1905-1972) халық ақыны, күйші, әнші ЖҮСІПОВ Мұзарап дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Жастайынан ақындық топқа түсіп, әншілік, ақындық өнерге бейімделді. Оның өнерпаздық дарынының қанаттануына Сыр бойының атақты ақын-жыраулары Омар, Тұрмағамбет, Кете Жүсіп, т.б. үлкен ықпал етті. Ол халық ауызындағы ертегі, аңыздардың желісі негізінде «Тамшы», «Үш насихат», «Самұрық», т.б. дастандарын шығарды. Өз жанынан «Жастармыз», «Тасқын», т.б. әндер, «Көркем қыз», «Шаттық», т.б. күйлер шығарған. Оның әдеби мұрасы Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорында сақтаулы.

99 жыл бұрын (1916-1997) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЕРҒАЛИЕВ Хамит дүниеге келді.

Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1950 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері. 1950-1957 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі. 1958-1959 жылдары Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия секциясының меңгерушісі болған. Ақынның 30-ға тарта жыр жинақтары, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» атты поэмалары бар. Ақын поэзиясында Азамат соғысының отты жылдары, Украин халқының ұлы ақыны Т.Шевченко тағдыры, академик, композитор А.Жұбанов бейнесі, дәуіріміздің басқа да өзекті мәселелері көркем бейнеленген. Сонымен қатар оның қаламынан туған әңгімелер мен естеліктер, әдеби мақалалар мен эсселер де бар. Ол Д.Байронның, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Р.Ғамзатовтың, А.Сурковтың кейбір поэзиялық туындыларын, Шекспир сонеттерін қазақ тіліне аударған. Қырғыз халқының «Манас», қарақалпақ халқының «Қырық қыз» эпостарын қазақ тіліне тәржімалауға ат салысқан. Ақынның өз шығармалары да бірқатар шет ел тілдеріне аударылған.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», 1-2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

8 4 жыл бұрын (1931-2002) құрылыс инженері, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы ҚУАТБАЕВ Қуанғали дүниеге келді.

Атырау облысының Жылыой ауданында туған. Ленинград технология институтын бітірген. Қазақстан ҒА Құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан Құрылыс және сәулет академиясы Қазақ филиалында, Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында қызмет еткен. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері силикат пен құрылыс материалдарының химиялық технологиясына арналған. Оның ғылыми ұсыныстары Ақтөбе, Астана, Қостанай, Орал, Семей, Павлодар, Теміртау, Қырғыстанның Иваново, Өзбекстанның Жизақ, Ресейдің Қиыр Шығыс зауыттарындағы силикат материалдарына енгізілді. Қуатбаевтың 500-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 10 монографиясы бар. Еңбектері ағылшын, неміс, венгр, румын тілдерінде жарияланған. Оның тікелей араласуымен құрылысқа қатысты 35 нормативтік құжат әзірленген. Ол 100-ге тарта авторлық куәліктің иесі.

«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

6 9 жыл бұрын (1946) ақын ӨТЕГЕНОВ Айтуар дүниеге келді.

Атырау облысының Жылыой ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Құлсары аудандық газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық газетінің редакторы, Бейнеу аудандық кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы болған. Ақынның «Тұңғыш», «Ақкөйлек», «Арманым саған ауған», «Қарашүңгіл-қаракөзім тұңғиық» атты кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар «Жалын» баспасынан шыққан «Бір нәзік сәуле», «Атырау айдыны» ұжымдық жинақтарына бір топ өлеңдері, «Қазақстан» баспасынан шыққан «Азаматтық парыз» ұжымдық жинағына бір топ очерктері енген.

68 жыл бұрын (1947) ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары, Қазақстанның Еңбек Ері ҚАРАБАЛИН Ұзақбай Сүлейменұлы дүниеге келді.

Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 ж. И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Техника ғылымдарының кандидаты (Уфа мұнай институты,1985 ж). «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы бойынша академиялық профессор (Атырау мұнай және газ институты, 2001 ж.). ҚазҰТУ-дың құрметті профессоры (Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2004 ж.).

«Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның академигі (ҚР ҰИА, 2004 ж.).

40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалық авторы.

Марапаттаулары: 3-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2005 ж.), «Құрмет» ордені (2000 ж.), «Отличник разведки недр СССР» белгісі (1988 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006 ж.), «Лидер российской экономики» ордені (2005 ж.), Қазақстан Республикасы құрметті жер қойнауын барлаушы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.

1973 ж. - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы (Атырау облысы), 1974 ж. - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау облысы), 1981 ж. - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы), 1988 ж. - «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.), 1990 ж. - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.), 1991 ж. - ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.), 1992 ж. - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы, 1994 ж. - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, 1997 ж. - «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті (Алматы қ.), 2000 ж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.),2001 ж. - ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.), 2003 ж. - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (Алматы қ.), 2008ж. - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директоры, 2013 ж. - ҚР Мұнай және газ министрі. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы тамыз айынан.

67 жыл бұрын (1948) азақстан Республикасы Бокс федерациясының вице-президенті ЦХАЙ Юрий Андреевич дүниеге келді.

Жамбыл облысының Новотроицк ауылында туған. Қырғыз дене шынықтыру институтын бітірген. Дене шынықтыру және спорт оқытушысы. Жамбыл облысы «Локомотив» спорттық қоғамы аудандық кеңесінің жаттықтырушысы, орта мектеп мұғалімі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары, Жамбыл облысы, Қазақстан құрамасы, ҚСРО құрамасы боксшылар командаларының аға жаттықтырушысы, Корея Республикасы боксшылары құрама командасының жаттықтырушысы, «Достар» компаниясының президенті, «KUAT» корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Каспий Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Каспий инвестициялық холдингі» АҚ төрағасы болып жұмыс істеген. 2013 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының вице-президенті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. «Қазақстан корейлері Қауымдастығы» РҚБ-нің президенті. «Достық», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен, Корея Республикасының алтын омырау белгісімен марапатталған. ҚСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

6 7 жыл бұрын (1948) Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары МАМАШЕВ Талғат Асылұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Байсерке ауылына туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген.

Еңбек жолын Алматы мақта-мата комбинатында электриктің үйренушісі, электр монтері, сласарь, комосол комитетінің хатшысыболып жасады. Комсомол, кеңес, партия жұмыстарында басшылық қызметтерде болды. 1991 жылдан Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің хатшысы, Алматы облыстық атқару комитеті төорасы орынбасарының міндетір атқарушы. 1992 жылдан Алматы облыстық әкімшілігі әкімінің орынбасары. 1994 жылдан ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР Мәдениет министрі. 1997 жылдан Мәдениетті қолдау ұлттық қорының басқарма төрағасы. 2005 жылдан қазіргі қызметінде.

«Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендермен, мерекелк медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

62 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті инспекциясының бастығы МИНЕНКОВ Сергей Григорьевич дүниеге келді.

52 жыл бұрын (1963) «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары СЕРІКБАЕВ Бауыржан Қайырбекұлы дүниеге келді.

1989 жылы Семей педагогикалық институтын «Тарих, педагогика» мамандығы бойынша, 1999 жылы Қарағанды техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

1980-1982 жж. - Железинка Автотранспорт мекемесінде слесарь-моторист; 1982-1983 жж. - Семей педагогикалық институтының студенті; 1983-1985 ж.ж. - Кеңес әскері қатарында взвод командирінің орынбасары, химик-барлаушы; 1985-1989 жж. - Семей педагогикалық интитутының студенті; 1989-1990 жж. - Железинск орта мектебінде мұғалім; 1990-1992 жж. - Железинск аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы; 1992-1995 жж. - Железинск №1 орта мектебінің директоры; 1995-1998 жж. - «Железинск АТК» директор орынбасары, директоры; 1998-2001 жж. - Железинск ауданы әкімінің бірінші орынбасары, әкімдік басқарма басшысы; 2001-2002 жж. - «Ай-Су Астана» корпорациясы Бас директорының орынбасары; 2002-2014 жж. - «Ай-Су-Транс» ЖШС директоры;

2014 жылдың 20 маусымында бастап «Қазақавтожол» РМК Бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалған.

51 жыл бұрын (1964) жазушыдраматург МҰҚАНОВА Роза дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.

Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде, Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясының аға редакторы, ҚР Ақпарат министрлігінің жауапты қызметкері болған.

«Жарық дүние», «Қыз жылаған», «Дүние кезек», «Құдірет-Кие», «Мәңгілік бала бейне» әңгімелері мен драмалық шығармалардың авторы. 2001 жылы Рабғұзидің «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын қазақ тіліне тәржімалаған.

1996 жылы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде жазылған драмалық қойылымы сахналанды. 2001 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірілді.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

43 жыл бұрын (1972) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры КӘЛЕТАЕВ Дархан Аманұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің жетекші маманы, 1 санаттағы маман; 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман; 05.1997-11.1997 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру Департаментінің басқарма басшысының орынбасары, Алматы; 11.1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті Жастар саясат бөлімінің басшысы, Астана; 2001-02.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары, Астана; 02.2002-11.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы, Астана; 11.2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат секторының меңгерушісі, Бөлім басшысы, Астана; 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат Басқармасы әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана; 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі, Астана; 2006-12.01.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Астана; 12.01.2007-13.10.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары; 13.10.2008-19.11.2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары және ҚР Президентінің кеңесшісі; 2009 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

3 5 жыл бұрын (1980) спортшы НАЗАРОВ Ардақ дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы). Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002 Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек, Қырғыстан). Еуропа - Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин). Санкт-Петербор, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

3 2 жыл бұрын (1983) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары СӘЛІМОВ Жұматай Қабдоллаұлы дүниеге келді.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да 2010 жылғы қазаннан қызмет атқарады. Оған дейін ҚР Экономика және сауда министрлігінің экономика саласын дамыту департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде консультант, бөлім сарапшысы болды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Елтану» мамандығын үздік бітірген. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америка университетінің мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) бітірген, мемлекеттік басқару магистрі. Американ университетінің мемлекеттік басқару мектебінің Д.Янг атындағы сыйлығының иегері, АҚШ-тың мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы Ұлттық құрметті қоғамының мүшесі. Ағылшын, урду және хинди тілдерін меңгерген.

12 5 жыл бұрын (1890-1969) АҚШ-тың 34-ші президенті (1953-1960), американдық мемлекет және әскери қайраткері Дуайт ЭЙЗЕНХАУЭР дүниеге келді.

102 жыл бұрын (1913-1999) ақын, жазушы ГЕНКЕ Герберт дүниеге келді.

Ресейдің Житомир облысында туған. Энгельс қаласындағы педагогика институтын бітірген. Неміс тілінде шығатын журналдар мен газеттердің редакцияларында, Қазақ радиосында қызмет істеген. Оның «Фрау Волга», «Көктем», «Бал мерекесі», «Көгілдір жаңғырық», «Алхорылар», «Баспалдақ», «Круговорот» өлең және әңгімелер жинақтары жарық көрген.

Бірнеше медальдармен марапатталған.

69 жыл бұрын (1946) кеңестік және ресейлік кинорежиссер, сценарист, Ресей халық әртісі ЧУХРАЙ Павел Григорьевич дүниеге келді.

52 жыл бұрын (1963) ресейлік сәнгер, Ресей халық суретшісі ЮДАШКИН Валентин Абрамович дүниеге келді.

5 2 жыл бұрын (1963) итальян теноры Алессандро САФИНА дүниеге келді.

47 жыл бұрын (1968) «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы ЭГГЛТОН Майкл Джеймс дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар