14:38, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
14 тонна жанар-жағармайы бар көлікті айдап әкетті
АСТАНА. ҚазАқпарат -Сахалиннің оңтүстігіндегі Хомск ауданының Яблочное ауылының тұрғыны 14 тонна жанар-жағармайы бар көлікті айдап әкетті деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы Сахалин облысы бойынша ІІМБ баспасөз қызметінен хабарланды.
"Ер адам бұрын осы кәсіпорында жұмыс істеген. Қызметінен босатылған ол ұйым аумағына кіріп, жапониялық жанар-жағармай таситын көлікті айдап әкеткен ", делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, сезікті Холмск ауданына дейін жетіп, жанар-жағармайды сол жерде өткізбек болған. Алайда тәртіп сақшыларының қолына түсті. Автомобиль мен жанар-жағармай тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.