15 наурыздан бастап астаналық сауда орталықтарының біріндегі вакцина пункті жабылады

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаумен жаппай қамту үшін аталған сауда орталықта вакцинациялау пункті өткен жылдың жазында ашылған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы орталық әкімшілігін астаналықтардың денсаулығын нығайтудағы бірлескен жұмысы, екпе алуға ынталандыру жұмыстарына қатысып, науқандар мен ұтыс ойындарды өткізгендері үшін алғыс айтады.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі күні қала тұрғындары екпені 26 алғашқы көмек көрсету ұйымында, «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалында, үш сауда кешенінде - «Керуен» СОО, «Абу Даби Плаза» және «Евразия» СҮ-де ала алады.
Елордадағы «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында коронавирусқа қарсы вакцинациялауға арналған вакцинация пункті жабылады.
Егу пункті қызметін 2022 жылы 15 наурызда аяқтайды.