18:08, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«150» сенім телефонына астаналықтар да хабарласа алатын болды
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір жылдан астам уақыт «Дағдарыстар орталықтары одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің «150» нөмірлі сенім телефонының жұмыс істегені баршаға аян. Ол қызмет осы уақытқа дейін тек Алматы қаласының тұрғындарына ғана қол жетімді болып келді, бірақ үстіміздегі жылдан бастап ол сенім телефонына астаналықтар да хабарласуға мүмкіндік алды,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа «Дағдарыстар орталықтары одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестірушісі Динара Нұртазина.
Оның айтуынша, егер қиын жағдайға тап бола қалсаңыз және одан өздігінен шығар жол таппайтын жағдай болса, онда «150» Ұлттық сенім телефоны түйінді мәселені шешудің бірден-бір жолы. Телефон тәулік бойы жұмыс істейді, болмаса, өзіңізді мазалаған проблемаларды [email protected] электронды мекен-жайына жазып қалдыруға да әбден болады. Хабарлардың құпиялығы сақталады.