16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

АСТАНА. KAZINFORM − ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді. Бұл туралы 

Қордай шекара бекеті
Фото: Видеодан алынған скрин

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

— Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік мемлекеттік шекара белдеуіндегі 3 мыңнан аса телім жекенің қолында екенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар