Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

16 қазанда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қазанда Қазақстан территориясының басым бөлігінде, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

16 қазанда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Республиканың солтүстік, солтүстік батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

 Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең - тұман.

Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с.-қа жетеді, күндіз найзағай жарқылдайды.

 Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының, Жалаңашкөл ауданында жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.