16 келі марихуананы алып өтпек болған ер адамның айласы әшкере болды - Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысы ІІД есіртікімен күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының ІІБ қалалық бөлімімен бірлесіп жүргізген «Канал-Кавказ» жедел алдын алу шарасының барысында Мұнайлы ауданында 40 жастағы ер адам басқарып келе жатқан «Фольксваген-пассат» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Көліктің иесі Батыс Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін де істі болған 37 жастағы жолаушы болып шықты. Тиісті тексеріс барысында полицейлер қылмысты дәлелдейтін айғақтар тапты.
«Автокөлікті қарау кезінде бұрын істі болған адамға тиесілі алма салынған үш қорап табылды. Жүкті ол «Алматы-Маңғышлақ» пойызынан қарсы алып, келе жатқан. Қораптарды ашқан кезде олардың әрқайсысынан целофан орамалары табылған. Олардың ішінде жалпы салмағы 16 келі 860 грамм болатын «марихуана» есірткі заты табылды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 259-бабының 3-тармағы бойынша қалмыстық іс қозғалды.