16 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы; өрт қаупі бар кезеңге дайындық тақырыбы қаралады.

10.00-де Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде педагогтерге арналған «Салауатты ұрпақты бірге өсіреміз» республикалық конференциясы аясында баспасөз брифингі өтеді.

11.00-де қалалық кәсіпкерлер палатасында «Елдегі дағдарысты қалай болдырмау керек?» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында халықаралық музей және халықаралық шай күндері қарсаңында «Шай дәстүрі әлемі» атты көрме ашылады.

15.00-де Мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер ұсынылады.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері және құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Моцартпен өткен мамыр кеші» симфониялық музыка концерті ұсынылады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ричард ІІІ» қойылымы сахналанады.


Соңғы жаңалықтар