16 мамырда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты сейсенбі, 16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды,, жел күшейіп, түнде солтүстік аймақтардың кей жерлерінде үсік жүреді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-23 м/с болады.
Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.