16 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 16 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

16 тамыз, СӘРСЕНБІ

Қазақстанда спорт күні

Тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл елдегі спорттың дамуы мен спорттық жетістіктеріне арналған мереке.

Беларусь Республикасы Әскери-әуе күштерінің күні

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде мерекеленеді. Әскери-әуе күштері күнін тек ӘӘК қызметкерлері ғана емес, Республиканың әуе қорғанысының жасақтары да атап өтеді.

АҚШ-ғы әуе-десант жасақтары күні

Бұл мереке АҚШ Әеу-десанттық жасақтары мен 1940 жылдың 16 тамызында парашютпен алғаш рет ұшқан 48 еріктінің құрметіне осы күнге белгіленді.

Габонның тәуелсіздік күні. Габон Франциядан 1960 жылы тәуелсіздігін алды, 1839 жылдан Францияның колониясы болды. Габон тәуелсіздік алғаннан кейін құрлықтағы экономикалық және саяси тұрақты мемлекеттердің бірі болды, мұнда жан басына шаққандағы кіріс Африкадағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Парагвайдағы балалар күні.

Доминикан Республикасында республиканы қалпына келтіру күні.

Рига қаласының күні.

Дрезден қаласының күні.

АҚШ-тағы Элвис Преслиді еске алу күні. АҚШ-тың Мемфис қаласында әнші әрі каратист Элвис Преслиді еске алу күні өтеді. Тамыздың 10-ында мыңдаған адамдар Теннесси штатының Мемфис қаласына жиналады. Бағдарлама бойынша көптеген шаралар өткізіледі. Сонымен қатар үш күндік каратэ сайысы болып, Элвис қайтыс болған күні, яғни тамыздың 16-ында оның аты-жөні жазылған сыйлықтар жеңімпаздарға табыс етіледі. Қайтыс болғанға дейін оның 500 миллионға жуық үнтаспасы сатылып, жеті жылдан кейін бұл сан екі есеге өскен. 33 фильмге түсіп, әрқайсысынан миллион доллар көлемінде еңбекақы алған. 1973 жылы ол қатысқан телебағдарлама көрермендері 1 миллиард адамға жеткен.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

7 7 жыл бұрын (1938) «Сот құрылысы туралы» Заң қабылданды.

26 жыл бұрын (1989) Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Қарауыл ауылында «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалыстың белсенділері ұйымдастырған наразылық шарасы өтті. Онда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі мен АҚШ Конгресіне ядролық сынақтарға тыйым салу туралы үндеу мәтіні оқылды.

16 жыл бұрын (1999) «Қазпошта» акционерлік қоғамы Бүкіләлемдік пошта одағының EMS кооперативіне қабылданды.

11 жыл бұрын (2004) Алматыда Серік Әжіғалиевтің «Архитектура кочевников - феномен истории и культуры Евразии» атты кітабы жарық көрді, өзінің тарихи-мәдени мағынасы бар Арал-Каспий мемориальды кешеніне арналған. Зерттеу кезінде типология жағынан, тарихи-этнографиялық мағынасы бар б.э.д. ІІ мың жеке тұрған ескерткіштер және 400-ге тарта кешендер қарастырылған. Кітапта зерттелген кешендерге жан-жақты сипаттама берілген. Кітапта тағы да автордың жаңа зерттеулері және 400-ге тарта иллюстрациялары, карта-схемалары, суреттері, типологиялық және құрама таблицалары кірген.

10 жыл бұрын (2005) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Облавка ауылы маңындағы қорғандардан біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 ғасырға жататын археологиялық олжалар табылды. Қыш құмыралар, әйелдің әшекей бұйымдары, моншақ, алтын жүзік, қола айналар сияқты керамикалық бұйымдар табылды. Зерттеу барысында анықталған басты ерекшелік - катакомбалық (қабірді үңгіп қазу арқылы бірнеше мүрдені сатылап қою) үлгідегі жерлеу үрдісі пайдаланылған. Бұйымдар зерттелгеннен кейін облыстық өлкетану мұражайына табыс етілді.

9 жыл бұрын (2006) Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің басшылары Кедендік одақты құру келісіміне қол қойды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының аясында жалпы алғанда 92 құжатқа қол қою керек екенін атап өтті.

8 жыл бұрын (2007) Алматыда Достық үйінде және А.С Пушкин ескерткішінің жанында Пушкин және Снегин оқулары өтті. Ұйымдастырушылары - қалалық тілдерді дамыту басқармасы және «Қазақстан орыс мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі. Акцияның негізгі мақсаты - славян халықтарының мәдениеттік, әдебиеттік және ақындық шығармашылығымен танысу. Аталмыш шараға Қазақстанның белгілі ғылымы мен мәдениет қайраткерлері, әр түрлі ғылыми-өндірістік бірлестіктің және Алматының ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері қатысты. Құрметті қонақтардың арасында - Алматыдағы Ресейдің бас консулдығының қызметкерлері және жазушы Дмитрий Снегиннің ұлы, медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Поцелуев. Дмитрий Федорович Снегин (1912-2001) «Простор» жуналының бас редакторы, сатиралық «Ара» журналы редакторының орынбасары, Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты қызметтерін атқарған. Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов сынды жазушылармен және өзінің майдандағы жора-жолдастары Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықовтармен жақын дос болған.

8 жыл бұрын (2007) Алматыда наркологиялық-сауықтыру ғимараты ашылды. Емдеу мекемесі дәрігерлік-санитарлық коррекция орталығының жанынан қосымша құрылыс ретінде салынып отыр. Аталмыш шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қатысты. Орталықтың жалпы ауданы 6421 шаршы метрді құрайды.

5 жыл бұрын (2010) Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында Оңтүстік қазақстан облыстық мұражайында ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозиция ашылды.

4 жыл бұрын (2011) ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту аясында Алматыда «Қаламгер-Азамат» атты IV республикалық жас тілшілер форумы өтті. Оған 18-29 жас аралығындағы тілшілер қатысты.

3 жыл бұрын (2012) Бішкек қаласындағы «Манас» кинотеатрында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндерінің аясында қазақ киносының апталығы ашылды.

Шаралар дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 20 жылдығына арналған.

2 жыл бұрын (2013) Серік Сәпиев Қазақстанның «Денешынықтыру және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін» мемлекеттік наградасын иеленді.

2 жыл бұрын (2013) Ақтөбеде ұлы қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның атымен аталған көшеде орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

39 жыл бұрын (1976) Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С лёгким паром!» кинокомедиясы үлкен экранға шықты.

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1939) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері ИСАҒАЛИЕВ Қайрат дүниеге келді. Атырау облысында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген. Мектеп-интернатта француз тілінің оқытушысы, Ембі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1969-1971 жылдары - Алжирдегі кеңестік мамандар тобының аудармашысы. 1971-1976 жылдары - Қазақ шетелдік мемлекеттермен достық және мәдени байланыс қоғамының бөлім меңгерушісі. 1976-1979 жылдары - Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің бъөлім меңгерушісі. 1979-1981 жжылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы. 1981-1985 жжылдары - «Интурист» сыртқы экономикалық акционерлік қоғамының бөлімше бастығы. 1985-1988 жылдары - Алматы облыстық кәсіподақ кеңесінің нұсқаушысы. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары министрлігінің бас маманы. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, министрліктің кеңесшісі. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы істерінің уақытша сенімді өкілі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртық істер министрінің кеңесшісі. 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы болып істейді. 2 медальмен марапатталған.

62 жыл бұрын (1953-2003) мерген, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері АСАНОВ Александр Алексеевич дүниеге келді. Алматы облысының Талғар ауданында туған. Стенд атумен 1969 жылдан айналысқан. Ол нысана көздеуден (траншеялық стенд) Әлем, Еуропа чемпионы, әлем чемпионаттарының төрт дүркін күміс, үш дүркін қола жүлдегері, Әлем кубогының, Еуропа кубогының бес дүркін және «Достық-84» халықаралық ойындарының жеңімпазы атанған. «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.

2003 жылы мамыр айының 25-інде аты аңызға айналған спортшы өмірден озды. Оның соңғы сөзі «мен еш нәрсе үшін өкінбеймін» болды.

5 6 жыл бұрын (1959) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, байдарка мен каноэ есу жарысынан Әлем чемпионы АКУНИШНИКОВ Александр дүниеге келді. Орал қаласында туған. 1980 жылы КСРО біріншілігінде қола жүлдегер атанып, одақ құрамасы командасына қабылданған. Бірнеше рет КСРО біріншілігі мен кубогының, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері болған. 1983-1986 жылдары Англияда өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы, КСРО кубогының екі мәрте иегері, КСРО чемпионы, Монреальда өткен әлем біріншілігінің чемпионы атанды.

52 жыл бұрын (1963) "ҚазТрансГаз" АҚ-ның бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының газды тасымалдау және маркетинг бойынша орынбасары ШӘРІПБАЕВ Қайрат Қаматайұлы дүниеге келген.

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген.Саяси ғылымдарының кандидаты (2002). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: әлеуметтік-саяси және экономикалық аспектілер». «Қазақстан Республикасындағы жергіліқті өзін-өзі басқару мәселелері мен алдағы келешегі» жарияланымының авторы (2001).«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1985 жылдан - «Рассвет» кеңшарының, Апматы облысы Іле ауданының мекемесінде қызмет атқарған. 1987 жылдан - Алматы қаласы және Алматы облысы Жеміс-көкөніс саудасы жүйесінің қүрылымдық бөлімшесінің басшысы. 1991 жылдан - «Шын-Асыл» АҚ президенті. 1993 жылдан - бизнес құрылымдарындағы басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 1999 жылдан - Тараз қаласы әкімінің орынбасары. 2000 жылдан - «Кітап» баспа үйі» ЖШС президенті - «Дәуір» ЖАҚ Директорлар кеңесініңтөрағасы. 2001 жылдан - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының маркетингжөніндегі орынбасары. 2005 жылдан - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ коммерция жөніндегі басқарушы директоры. 2006 жылдан - «Данко» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылдан бері - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарма төрағасы. «Нұр Отан» ХДП XIII съезінің делегаты. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2010), «Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық «КazЕnergу» кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ (2010) медалімен, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Амангелді газ кен орынын игергені үшін» құрмет грамотасымен (2003) марапатталған.

51 жыл бұрын (1964) «Мир» мемлекетаралық телерадио компаниясының Қазақ ұлттық филиалының директоры ӘЛІМЖАНОВ Асқар Әнуарбекұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жастардың әлеуметтік бағдарламалары қорының тілшісі, аудармашысы, жауапты хатшысы, «Ленинская смена» газетінің тілшісі қызметтерін атқарған. 1991-1992 жылдары - «Азия-пресс» ақпарат агенттігінің редакторы, «Таң» телекомпаниясы ақпараттық бөлімінің меңгерушісі. 1992-1996 жылдары - «Акбар» халықаралық журналистика орталығының ректоры, вице-президенті. 1996-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі жаңалықтар қызметінің аға, бас редакторы. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2000-2002 жылдары - Орта Азиялық жүйелі зерттеулер қорының бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары - «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының кеңесшісі, даму жөніндегі директоры, бас директоры. 2004-2005 жжылдары - «Перспектива» саяси консультация беру қорының бас директоры. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының баспасөз хатшысы - хатшылық меңгерушісінің орынбасары, «Қазақстан» телерадио корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді.

39 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры ҚАЗЫБАЕВ Айдар Қалымтайұлы дүниеге келді.

Астана қаласында дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және оның аспирантурасын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Сыртқы экономикалық стратегия департаментінің жетекші маманы болып бастады. 2000-2002 жылдары - ҚР Экономика министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің интеграция бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Сауда саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің департамент директорының орынбасары, директоры, аппарат жетекшісі. 2004 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау комитетінің төрағасы. 2005-2007 жылдары - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасады (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры, «Қазтеңізфлоты» АҚ басқарушы директоры). 2006 жылы - Қазақстанда Экологиялық қорды құру жөніндегі БҰҰ Даму бағдарламасының жобасына басшылық етті. 2007 жылғы қарашадан бастап ҚР Индустрия және сауда министрлігінің, кейіннен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы болды. 111 жыл бұрын (1904-1971) американдық химик ВЕНДЕЛ Мередит Стэнли дүниеге келді. АҚШ-тың Индиана штатының Риджвилл қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ричмонд қаласындағы Эрлем колледжіне түсті. 1932 жылы Нью-Джерси штатының Принстон қаласындағы Рокфеллер медициналық зерттеулер институтының жануарлар мен өсімдіктер патологиясы зертханасына ауысты. Осы жерде ол өсімдіктерді ауыруға ұшыратын вирустарды зерттеумен айналысты. Стэнли алғаш рет темекі мозаикасы вирусының кристалын алды. Ол вирус жұқтырған 1 тонна темекі жапырағынан бірнеше грамм ине тәріздес ұсақ кристалдарды бөлді. Сонымен қатар вирус кристалдарының өсімдікте көбею және жұқтыру қасиеттерін бұзбай-ақ ерітуге, тазалауға, сүзіп тазалауға және қайтадан кристалдауға болатынын анықтады. 1946 жылы «вирустардың ферменттері мен ағуыздарын таза түрде дайындағаны үшін» Нобель сыйлығына ие болды. 1948 жылдан өмірінің соңына дейін Беркли қаласындағы Каифорния университетінің зертханасына басшылық жасап, ғылыми жұмыстармен айналысты. Стэнли адамдардың рак ауыруының көптеген түрін вирустардан пайда болады деп санады. Сонымен қатар ол Жер шарында ең алғаш вирустар пайда болған деген көзқараста болды. Ол бұл ойын өзінің «Вирустар», «Вирустар және өмір жаратылысы» атты кітаптарында жан-жақты баяндады.

95 жыл бұрын (1920-1976) әскери ұшқыш, авиация генерал-лейтенанты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген әскери ұшқышы БЕДА Леонид Игнатьевич дүниеге келді. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында туған. Орал мұғалімдер институтын, Жоғары ұшу-тактикалық мектебін, Әскери әуе күштері академиясын және Бас штаб әскери академиясын бітірген. 1941 жылы В.Чкалов атындағы 1-інші әскери авиация училищесін жылдам ұшатын бомбалаушы ұшақ ұшқышы мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, «Ил-2» шабул ұшағына мамандану үшін училищеде қалдырылады. 1942 жылғы тамыздың 16-ында Сталинград майданының 226-шабуылдық авиадивизиясының 505-шабуылдық авиаполкі құрамында соғысқа араласады. Осы шайқас кезіндегі ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. Донбасты, Таврияны азат етуге, Қырымдағы Сапун тауы мен Херсонес мүйісіндегі ұрыстарға қатысады. Соғыстың соңына таман Балтық жағалауы елдерін азат етуге, Шығыс Пруссия қамалдары мен Кенисгберг қалаларын шабуылдауға қатысады. Ол 214 рет жауынгерлік тапсырма алған. Оның 154-інде ұшақтарға өзі жетекшілік еткен. Соғыстан соң әскери қызметін одан әрі жалғастырып, Беларусь әскери округінің авиация қолбасшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Көптеген орден, медальдармен марапатталған.

57 жыл бұрын (1958) американдық әнші, әндер авторы, продюсер, актриса, режиссер және сценарист МАДОННА (толық аты-жөні - Мадонна Луиза Вероника Чикконе) дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар