16 жастағы қазақстандық теннисші Алжирдегі жарыста чемпион атанды

ОРАЛ. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Томирис Нұржан Алжирдегі ITF Juniors J60 турнирінде үздік шықты.

Томирис Нұржан
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық спортшы финалда ресейлік Варвара Виноградованы 5:3, 4:2, 12:10 есебімен ұтты.

Жарыс күрделі жағдайда өтті. Жаңбырдың салдарынан кесте бұзылды. Содан кейін корольдік отбасы мүшесінің өлімінен соң аза тұтуға байланысты ұйымдастырушылар шешуші матчтарды қысқартылған сет форматында өткізу туралы шешім қабылдады.

Томирис Нұржан Барселонада тұрады. Оның сіңлісі Мәриям да теннисші.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.