16 жастағы қазақстандық теннисші Душанбедегі жарыста озық шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Даниель Юрекли Душанбе қаласында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) турнирінде табысты өнер көрсетті.
Қазақстандық теннисші отандасы Арафат Мұстафамен бірге жұптық сында финалда жарыстың 2-ракеткалары, Беларусь өкілі Иван Чернышев – өзбекстандық Никита Гафуровпен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық жұп аса қиналмай 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Даниель Юрекли жекелей сында да финалға дейін іркілмеді. Соңғы бәсекеде жергілікті теннисші Сомон Амоновқа тап келді. Өте тартысты өткен бәсекеде тәжікстандық спортшы 6:4, 4:6, 6:3 есебімен басым түсті.
Д.Юреклидің мұндай табысқа қол жеткізуі оның шеберлік деңгейінің өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.