17 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 17 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
73 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.
Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жіберілген. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып, осы лауазымда жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты. 2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. 2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды. 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. 2019 жылы 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетіп, 12 маусымда ұлықтау рәсімінен соң Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісті.
2022 жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.
2021 жылы сәуір айынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы. 2022 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.
Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы. Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған. Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады.
76 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және саясат қайраткері Игорь Иванович РОГОВ дүниеге келді.
Баку қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Алматы қаласының Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші болды. 15 жылдай оқытушылықпен айналысқан. Президент Аппараты және Министрлер кабинеті секторында аға референт, консультант, меңгеруші, Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Мемлекет басшысының кеңесшісі, көмекшісі, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы, Әділет министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқық басқармасы бастығы қызметтерін атқарған. 2004-2017 жылдары ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы болды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары (2017 жылдан), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (2020 жылдан).
Қазіргі лауазымын 2021 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.
Заңтануға қатысты бірнеше ғылыми еңбектің авторы. «Парасат» (2005), ІІ дәрежелі «Достық» (2011) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астана», «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1999) атағы берілген.
69 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлан Сатыбалдыұлы ӘУЕСБАЕВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылында туған. Ванновка гидромелиорация техникумын «техник-механик» мамандығы бойынша, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1975-1976 жылдары Шымкент қаласында «Қазақтехмонтаж» трестінде слесарь болып жұмыс істеді, содан кейін 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1979 жылы «Қазсельхозтехника» механик болып жұмыс істеп, жастар саясатына белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстармен айналысты, комсомол комитетінің меңгерушісі болды. 1981-1982 жылдары Бәйдібек ауданы Жамбыл атындағы Кеншар комсомол комитетінің хатшысы, 1982-1990 жылдары Шымкент қорғасын зауытының балқыту цехының механигі, 1990-1991 жылдары «Қазақ тілі» ҚБ төрағасы, 1991-1993 жылдары Наурыз кенті Кеңесінің төрағасы, 1994-1995 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы Наурыз кенті әкімшілігінің басшысы, 1995-1996 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы Наурыз кентінің әкімі лауазымын атқарған. 2002жылы қалалық әкімдіктің «Экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары Қызылжар ауылының әкімі болды. 2003 жылы Шымкент қаласының «Ішкі саясат және жастар басқармасын» басқарды. 2003 жылдың қыркүйегінде Астана қаласы бойынша ақпарат басқармасының «Талдау және тіл саясаты бөліміне» басшы болып ауысты. 2004 жылы «Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар бөлімінің» басшысы болып жұмыс істеді. 2005 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «РМҚК шаруашылық басқармасы» автошаруашылығын басқарды. 2009-2012 жылдары «Қуаныш-2030» ЖШС директорының орынбасары, объектілерді күзету бастығы, 2012-2020 жылдары «Аристократ» күзет агенттігінің бас директоры болып жұмыс атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
61 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Мархабат Жайымбетұлы ЖАЙЫМБЕТОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Волгоград ауыл шаруашылығы институтын бітірген, ауыл шаруашылығын электрлендіру; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, кәсіпорындағы экономика және менеджмент (салалар бойынша) (2001); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, инженер-экономист (2009).
Еңбек жолы: 1989-1993 жылдары Қызылорда «Главагрореммаш» жөндеу-техникалық зауытында энергетик 1993-1998 жылдары, «Оңтүстікмұнайгаз» ГАО Құмкөл терең өндірістік бұрғылау экспедициясының энергетик, бас энергетик, цех бастығы, 1998-2000 жылдары «Құмкөл Мұнай» ААҚ бас энергетик, бөлім бастығы, 2000-2005 жылдары «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бөлім бастығы, Қызылорда, 2005-2008 жылдары Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2010-2013 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2013-2014 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі, 2014-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2016-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, 2017-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, 2019-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, 2021-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» (2007), «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулетбек Қайырбекұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін (1998), Еуразия гуманитарлық институтын (2010), Стирлинг университетін (2016) бітірген.
Еңбек жолы: 1998-1990 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиеті неміс тілі кафедрасының оқытушысы, 1999-2000 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Тұрақты даму ұлттық орталығының консультанты, 2000-2004 жылдары ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, 3-ші, 2-хатшысы, 2004-2008 жылдары Бельгия Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің үшінші хатшысы, 2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі сауда келіссөздері департаментінің басқарма басшысы болып жұмыс атқарған. 2009-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы консультанты, инспекторы, меңгерушісі, 2014 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, 2014-2017 жылдары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2017-2019 жылдары Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі лауазымын атқарған. 2019-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1977) Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Раушан Серікбайқызы ДОСАНОВА дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. 1994-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде инженер-құрылысшы мамандығы, 2001-2003 жылдары Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы: 1999-2000 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы, 2000-2007 жылдары "Оңтүстік Қазақстан облысының жылжымайтын мүлік орталығы" РМК тіркеушісі, 2007-2009 жылдары Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлік бөлімінің тіркеушісі, 2009 жылы Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, 2009-2011 жылдары Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің жетекші маманы, 2011-2012 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді бақылау және техникалық түгендеу басқармасының сарапшысы, 2012-2013 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының сарапшысы, 2013-2014 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бас сарапшысы, 2014-2016 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының бас сарапшысы, 2016-2018 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерін нормативтік қамтамасыз ету және тіркеуді бақылау басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру Департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды және техникалық инвестицияларды тіркеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының басшысы, 2019-2021 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, 2024-2025 жылдары Астана қаласы Әділет министрлігінің дербес басқару құқығындағы жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, 2025-2026 жылдары Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі лауазымын 2026 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.