17 маусым. Жылнама

30 мамыр. Жылнама
Фото: Kazinform

Kazinform оқырман назарына 17 маусымға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік мотоциклші күні

Дүниежүзілік мотоциклшілер күнін тойлау дәстүрі 1992 жылы 22 шілдеде пайда болды, сол кезде бірнеше елдерде әуесқойлар автокөліктерін гараждарға қалдырып, жұмысқа мотоциклдер мен скутерлермен кетті. Бастапқыда бұл күн «Жұмысқа бару күні» деп аталды, оны ағылшын тілінен «Мотоциклде жұмыс істеу» деп аударуға болады, ал кейінірек біртіндеп Мотоциклшілер күніне айналды. 2008 жылға дейін бұл күн шілденің үшінші сәрсенбісі болып саналса, 2008 жылдан бастап маусымның үшінші дүйсенбісіне ауыстырылды. Күнді өзгерту бүкіл әлем бойынша мотоциклшілер үшін ең қолайлы климаттық жағдайларды таңдау үшін жасалды.

Дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні

1995 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап аталып өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы «Ана тілі» баспасы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағлымы» атты кітабын жарыққа шығарды.

1993 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты құрылды. 1999 жылы ҚР ҰҚК Институты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы деп өзгертілді.

1998 жылы «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ «Анадолы» ақпарат агенттігінің (Түркия) ақпарат ағыны жүйесіне қосылды.

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы алдында ұлы композитор, Қазақстан әнұранының авторы, халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің ашылу салтанаты болды.

2010 жылы Еуропа Іскерлік ынтымақтастық ассамблеясының шешіміне сәйкес, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РМК директоры, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абай Байгенжин халықаралық «Сократ Медаліне» ұсынылды және 11-ші нөмірмен Еуропаның Құрметті ғалымы атанды.

2011 жылы РФ Астрахан облысында Бөкей хан мавзолейінің құрылысы басталды. Оның биіктігі – 18.5 метр. Құрылыс Қазақстан мен Астраханның әр өңірлерінен жиналған қаражатқа салынды.

2012 жылы Венада Франц Шуберт атындағы ХХVIII Халықаралық хор байқауында Қазақ ұлттық өнер университетінің «Самғау» камералық хоры екі алтын диплом иегері атанды. Байқауға әлемнің 12 елінен 40 хор ұжымы қатысты.

2013 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Халықаралық телерадио хабар тарату қауымдастығына (Association for International Broadcasting) кірді.

2014 жылы түріктің Эдирне қаласында жыл сайынғы Дүниежүзілік түркі форумы аясында түрлі аталымдағы наградаларды беру рәсімі өтті. «Қызыл алма» сыйлығының лауреаттары - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов (номинация - «Дипломатия»), Түркиядағы Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаев (номинация - «Дипломатия») және 2012 жылғы бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев (номинация - «Спорт»).

2014 жылы Солтүстік Қазақстанда алтын өндіріле басталды. Геологтар Есіл ауданындағы Булақ ауылының маңында 400 гектар аумақта кен қорларын анықтады.

2014 жылы 17-20 маусым аралығында Тбилиси қаласында Қазақстан мен Грузияның екіжақты қарым-қатынасы тарихында алғаш рет Грузияда Қазақстан киносы күндері өтті. Көрермендерге соңғы жылдары түсірілген төрт көркем фильм – «Жау жүрек мың бала», «Шал», «Ликвидатор», сондай-ақ Елбасының балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмдері ұсынылды.

2015 жылы Атырау облысы Индер ауданының Теректі өңірінде орта ғасырлық жауынгердің қорымы табылды. Қорымды жазғы практика кезінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болашақ тарихшылар, Атырау мемлекеттік университетінің студенттері тапты. Қорымның ерекшелігі онда жауынгермен бірге мінген аты да қоса жерленген. Сондай-ақ, қабірдің ішінде ұзындығы 1 метрдей қылыш, жебе ұштары, ұзындығы 1 метрден асатын сауыт, ер-тұрман элементтері болған. Археологтардың айтуынша, табылған барлық материалдар IX-XI ғасырлардағы оғыз дәуіріне жатады.

2016 жылы қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың құрметіне Ақтөбедегі бір көшеге оның есімі берілді. Ол қала орталығында - М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің жанында орналасқан.

2017 жылы Астанада электр энергиясын үнемдейтін күн батареяларымен жұмыс істейтін аялдамалар іске қосылды.

2019 жылы ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.

2019 жылы алғаш рет «Бейжің-Париж» халықаралық ретро раллиінің бағытына Павлодар облысы қосылды. Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы 98 автокөлік жүріп өтті. Жарыста 120 бірегей сирек кездесетін автомобиль көрсетілді.

2021 жылы Астанада биржалық сауда-саттық барысын онлайн бақылау, биржалық және биржадан тыс саудаға мониторинг жүргізу, баға белгілеулерін және биржалық сауданың монополияға қарсы талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Биржа комитетінің Ситуациялық орталығы өз жұмысын бастады.

2023 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркістан қаласында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық Құрылтайының екінші отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар