17 мектеп пен 1 балабақша карантинге жабылды - Шығыс Қазақстан
Әкім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен осының алдында болған кездесуінің қорытындысымен ой бөлісті. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін шешілуі қажет басты мәселелерді айқындап берді. Атап айтқанда, бюджет қаражатының кешіктіріліп игерілу жайы сөз болды. Бағдарлама әкімшілері өз көрсеткіштерін 100 пайызға шығарулары керек, деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.
Бердібек Сапарбаев өз сөзінде сонымен бірге, аймақтағы тұмау мен тыныс жолының жіті вирустық инфекциясының жағдайына тоқталды. Аймақта бүгінгі күнгі жағдай бойынша 17 мектеп пен 1 балабақша карантинге жабылғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, балабақша орындарының жетіспеу проблемасын сөз еткен әкім, бүгінде бүлдіршіндердің 58 пайызы балабақшамен қамтылғанын, тағы 24 мың жас шығысқазақстандықтың балабақша кезектерінде тұрғанын айтты.
Б.Сапарбаев, бұл мәселені үш бағытта шешуге болатынын: бос мектеп жайларын шағын орталықтар ретінде пайдалану, бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтарып, оларды мақсатты пайдалану және жаңа балабақшалар салу керектігін атап көрсетті.