17 мыңнан астам га ЖТҚ жер телімдері мемлекеттік меншікке қайтарылды - ҚР Өңірлік даму министрлігі

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) ұсынылған жер телімдерін тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік меншікке 17,1 мың жер телімі қайтарылды, деп хабарлады өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
None
None

«Қазіргі уақытта 17,1 мың ЖТҚ жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылған», - деді Қ.Өскенбаев.

Бұдан өзге, есепте, пайдаланылмайтын мүлік ретінде 8,9 мың жер телімі бар, оның ішінде 430 жер теліміне құжаттар әкімдіктерге мемлекеттік меншікті рәсімдеу үшін бағытталған.

Ол тексеру нәтижесі бойынша сондай-ақ пайдаланылмайтын және заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылатын 44 мың жер телімі анықталғанын еске түсірді.

"Тек қана Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да осындай 8,8 мың жер телімі анықталған. Республика бойынша проблемалық жер телімдерінің жалпы саны оның жалпы санынан 17 %-ын құрайды", - деп атап өтті Қ.Өскенбаев

Барлығы 2013 жылы жер инспекциялары 10,4 мың бақылау тексеру өткізді, 1978 материал бойынша талаптар сот органдарына енгізілген, 263 бойынша талап қанағаттандырылған.

Соңғы жаңалықтар