19:05, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
17 наурыз күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 17 наурыз күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН
09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарының барысы, кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары талқыланады.
АЛМАТЫ
10.00-де Қазақстандық Баспасөз клубында Urban Forum Kazakhstan «Көлік саласындағы шешімдерді қабылдау. Алматы мен өзге қалалардың тәжірибесі» сараптамалық құжатын таныстырады.