17 шілдеге арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 шілде күні Қазақстанның басым территориясын антициклон анықтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батыс және солтүстік-батысының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, жекелеген аудандарында жел соғып, оңтүстігінде шаңды дауылмен жел болады.
None
None

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең күндіз жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Алматы облысында өте қатты ыстық сақталып, кей жерлерінде қатты ыстық болады. Күндіз Жамбыл облысында өте қатты ыстық сақталады. Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық сақталып, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Күндіз Қызылорда облысында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар