Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

17 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 17 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Үкімет басшысы аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Амангүл Құмарбекқызы ЫБЫРАЕВА дүниеге келді.

Амангүл Құмарбекқызы ЫБЫРАЕВА
Фото: primeminister.kz

Семей облысында туған. 1990 жылы Алматы архитектуралық-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы МБА-сында, Францияның Ұлттық Мемлекеттік басқару мектебінде (ENA), Duke University (США) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өткен.

Еңбек жолын 1990 жылы «Казгипроагропромстройиндустрия» МҚК технологиялық бөлімнің инженері қызметінен бастаған. 1992-1994 жылдары Алматы қалалық әкімшілігінде қызмет атқарды. 1994-1998 жылдары ҚР Министрлер Кабинетінің инспекторы, жоғары және орталық атқарушы органдарды Ақмола қаласына көшіру бойынша Мемлекеттік комиссияның референті, аға референті, 1998-2010 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға референті, консультанті, сектор меңгерушісі; 2010-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, басшылық хатшылығының меңгерушісі, 2019-2023 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесі Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы ақпаннан бастап атқарып келеді.

57 жыл бұрын (1969) Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Әділқызы ҚАРАУЫЛОВА дүниеге келді.

Әсел Әділқызы ҚАРАУЫЛОВА
Фото: mybusiness.kz

IPRA (Халықаралық жұртшылықпен байланыс қауымдастығы) мүшесі, PR клубын ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, АҚШ-тың Миссури-Колумбия университетін бітірген. «Ленинская смена» газетінің штаттан тыс тілшісі болған. 1994-1995 жылдары – USAID менеджері.

Қазіргі қызметін 1995 жылдан бастап атқарып келеді.

Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі сыртқы имидж бойынша тобының мүшесі, PR нарығы проблемалары бойынша мақалалардың тұрақты авторы, жетекші бизнес мектептердің оқытушысы.

53 жыл бұрын (1973) Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі кәсіпкер әйелдері кеңесінің төрағасы Ләззат Керімқұлқызы РАМАЗАНОВА дүниеге келді.

Ләззат Керімқұлқызы РАМАЗАНОВА
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін (1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001).

Еңбек жолын 1994-1995 жылдары банк жүйесінде қызметкер болып бастаған. 1995-1998 жылдары Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы жұмыс істеген. 1998-1999 жылдары ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болды. 1999-2002 жылдары ҚР Қаржы министрінің хатшылығында істеді. 2002-2003 жылдары ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы, 2003-2005 жылдары «Dala group» ЖШС Бас директоры, 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, 2007-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2008-2009 жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры, 2019-2020 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2021 жылдары ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2021-2023 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1980) «Атамекен» ҰКП жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің басшысы Ләйлә Ескендірқызы КҮЛЕНОВА дүниеге келді.

Ләйлә Ескендірқызы КҮЛЕНОВА
Фото: facebook.com/Лейла Куленова

Ол Астана қаласында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Мәскеу қалалық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2005 жылы «Айналайын» балабақшасы «Мерцана-Астана» ЖШС құрылтайшысы, 2012 жылы Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы.

2025 жылдың маусым айынан бері қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Рүстем Жомартұлы ҚҰРМАНОВ дүниеге келді.

Рүстем Жомартұлы ҚҰРМАНОВ
Фото: Gov.kz

СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тумасы. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіп кешен салаларындағы экономист-менеджер» мамандығы бойынша 2003 жылы үздік тәмамдады. 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Экономика және халық шаруашылығын (ауыл шаруашылығын) басқару» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

2003-2005 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші, бас маманы болып еңбек етті. 2005-2009 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының экономикалық талдау бөлімінің, мемлекеттік сатып алу және экономикалық талдау бөлімінің бастығы болды. 2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібі және агроазық-түлік нарықтарын дамыту департаментінің басқарма бастығы лауазымын атқарған. 2011-2013 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып еңбек етті. 2013-2015 жылдары «А» корпусының кадр резервінен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, 2015-2016 жылдары Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының басшысы, 2016-2017 жылдары «Атамекен» агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры болып қызмет атқарды, 2017 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі кеңесшісінің міндетін атқарды, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, 2017-2018 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2018-2019 жылдары «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы болды. 2019-2023 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2023-2025 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

120 жыл бұрын (1906-1983) композитор, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинақтаушы Латиф Абдулхайұлы ХАМИДИ дүниеге келді.

календарь
Фото: wikipedia.org

Ташкент халық ағарту институтын, Мәскеудің бірінші музыкалық техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірген.

Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып, Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен. Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Аттаныңдар майданға», «8-гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нүркен» әндері тыңдарманын қаһармандық сезімге бөледі. Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізіп, «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерін шығарған. Сондай-ақ оның әсем әуенімен ерекшеленетін вальстері, хорлары, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалары, қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар. Композитор қазақтың опера өнерін өркендетуге де үлкен үлес қосып, «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларын, «Жамбыл мен Айкүміс» музыкалық пьесасын, «Балбұлақ» опереттасын жазды. Сонымен қатар «Домбыра үйрену мектебі» (Б. Ғизатовпен бірге), «Дирижерлік етудің негіздері» (Х. Тастановпен бірге), т.б. зерттеу еңбектері бар.

3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

79 жыл бұрын (1947-2017) суретші, мүсінші Бақытжан Әлімбайұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.

Бақытжан Әлімбайұлы ӘБІШЕВ
Фото: egemen.kz

 

Ақтөбе қаласында туған. Алматы орта мектебінің 10 жылдық сыныбын және Алматы Гоголь атындағы сурет училищесін 1969 жылы аяқтағаннан соң, Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтына оқуға түсті.

1975 жылы Алматы қаласына оралып, өмірінің соңына дейін шығармашылық ойларын жүзеге асыру үшін жұмыс істеді. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесінде композиция мен мүсін өнерінен сабақ бере бастады. 1978 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемсурет институтының оқытушысы. Жұмыстары Қазақстанның пластикасындағы ұлттық қаһармандар мен адами кейіпкерлердің бейнелерін жаңғыртуға елеулі үлес қосты. Астана қаласында Ататүрік, Әлия Молдағұлова мен Жаяу Мұсаға, Алматы қаласында Т.Бокин, Ж. Жабаев, К. Әзірбаевқа ескерткіш орнатты. Ақтөбе қаласында - Ә. Молдағұлова, Киреев, А. Жұбанов, Мәскеу қаласында - Ә. Молдағұлова және т. б. ескерткіш жасады. Станоктық сипаттағы жұмыстар Қазақстан қалаларының мұражайларында және шетелдерде қойылған. «Олимпиец» композициясы Лозан-Швейцариядағы Олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде, Германиядағы «Күйші» жеке коллекциясында, Мәскеудегі «Томирис» мұражайында орналасқан. «Құлагер», «Ұмай» жұмыстары ҚР Президентінің резиденциясына қойылды.

Суретші орындаған соңғы монументалды-мүсіндік композиция – «Исатай мен Махамбет». Ол 2003 жылы Махамбетке арналған мерейтойлық жиында сәулет-көркем мемориалдық кешеннің орталық бөлігінде ашылды.