17 шілдеде валюта бағамы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – 17 шілдедегі мәлімет бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің бағамы белгілі болды.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 467,92 теңгеден сатып алынып, 474,79 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның сатып алу бағамы – 535,99 теңге, сату бағамы – 545,94 теңге.
Ресей рублі 5,60–5,90 теңге аралығында саудалануда.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 469,65 теңгеден сатып алынып, 472,01 теңгеден сатылуда.
Еуроның сатып алу бағамы – 539,44 теңге, сату бағамы – 545,08 теңге.
Ресей рублі 5,69 теңгеден сатып алынып, 5,84 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте АҚШ долларының сатып алу бағамы – 470,52 теңге, сату бағамы – 472,58 теңге.
Еуро 537,68 теңгеден сатып алынып, 543,72 теңгеден сатылуда.
Ресей рублінің бағамы сатып алу кезінде – 5,72 теңге, сату кезінде – 5,80 теңге.
Қазақстан Ұлттық банкінің 17 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, АҚШ доллары – 472,34 теңге, еуро – 541,25 теңге, Ресей рублі – 6,01 теңге.