17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде бірден 32 сатыға жоғарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде қазақстандық спортшылардың орны анықталды.

Әмір Омарханов
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына дейін жеткеніне қарамастан, Александр Бублик 75-тен 76-ға, Александр Шевченко 92-ден 97-ге сырғыды. 

Сондай-ақ Дмитрий Попко 155-тен 163-ке, Михаил Кукушкин 162-ден 165-ке, Тимофей Скатов 172-ден 181-ге, Бейбіт Жұқаев 208-ден 220-ға төмендеді. 

Есесіне Денис Евсеев 258-ден 257-ге ауысты. 

Өткен аптада Шымкент ITF турнирінде сәтті өнер көрсеткен 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 32 сатыға жоғарылап, 988-ден 956-орынға жайғасты. 

Жұптық сында Александр Недовесов 109-дан 121-ге түссе, А.Бублик 129-дан 127-ге шықты. 
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 12-орынға сырғығанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар