17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті.

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-орыннан көрінді.
Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы екінші үздік нәтиже. 2018 жылы Тимофей Скатов ITF Juniors Ranking рейтингісінде көш бастаған еді.
Сол секілді 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы 74-тен 38-орынға көтерілді.
Дамир Жалғасбайдың қарқыны да жақсы. ТОП-100-ге жақындаған ол 112-сатыда (+84) тұр.
Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы осы айда жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ел намысын қорғайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аделаидада Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңгенін жазған болатынбыз.
Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді.