17 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Дүниежүзілік рейтингіде 1241-орында тұрған Әмір алдымен әлемнің 970-ракеткасы, германиялық Венсан Марысканы жолдан тайдырды – 6:3, 6:1.

Ә.Омарханов екінші айналымда әлемнің 622-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, тунистік Азиз Оуакамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда 6:3 есебі тіркелді.

Екінші сетте Әмір 3:0 есебімен жеңіп жатқан мезетте тунистік теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 1430-сатыдағы германиялық Лука Виденманмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымында кіммен кездесетінін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар