17 жастағы балаларды автоматты түрге әскери есепке қоюдан 1 млрд теңге үнемделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 17 жасқа толған балаларды әскери есепке қоюды автоматтандыру нәтижесінде жыл сайын 1 млрд теңге үнемделеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«17 жасқа толғандарды жергілікті комиссариаттарға тіркеу процесін келер жылдан бастап проактивті түрге ауыстырып жатырмыз. Өздеріңізге мәлім, 17 жасқа болған балаларды тіркеуді ұйымдастырушылар автобустарға отырғызып, медициналық тексерістен өту үшін апаратын. Кейін олар бірнеше анықтама жинайды, жеке іс құжаттары болады. Ол 10-нан астам құжаттардың көшірмесін жасайтын. Бұл біраз уақыт алатын процес. Оған азаматтардан бөлек, мектеп мұғалімдері мен ұйымдастырушылардың да уақыты кетеді. Енді оны автоматты түрге ауыстырсақ, керек емес процестерден арыламыз және жыл сайын мемлекеттің бюджеттің 1 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдейміз», - деді Дархан Ахмедиев.

Оның айтуынша, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 17 жасқа толған, әскери міндетін өтеуі тиіс азаматтар автоматты түрде есепке қойылады.


Соңғы жаңалықтар