18 шығармашылық қызметкер Ақтөбе облысы әкімінің сыйақысына ие болды
АҚТӨБЕ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімінің қаулысына сәйкес 18 шығармашылық қызметкер жыл сайынғы сыйақыға ие болды.
Олардың арасында Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның әртістері Асылбек Кеңігесов, Елена Надель, «Алақай» қуыршақтар театрының актері Нұрат Мұратов, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының бас режиссері Владимир Кузьмин, аталған театрдың актері Ғазиз Убаев, қалалық мәдениет үйі оркестрінің әртісі Сәкен Еркеғұлов бар.
Сондай-ақ сыйақы Достық үйінің «Барвинок» би ансамблінің хореографы Салина Балюраға, «Айгөлек» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Әлфия Нығматуллинаға, «Қобыланды» мемориалдық кешенінің директоры Тұрсынғали Нәкешке, ағайынды Жұбановтар атындағы мемориалдық мұражай директоры Ұлболсын Мұхамбетоваға, зағип және нашар көретіндерге арналған облыстық кітапхана директоры Несипа Есенжановаға, Тамды ауылдық клубының меңгерушісі Мұратқали Бисенғалиевке, облыстық мәдениет басқармасы бөлімінің бастығы Ләйлә Омароваға тағайындалды.
Бұдан басқа, сыйақыны өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі және Т.Жүргенов шығармашылығын зерттеу, насихаттауы үшін зейнеткер Әбуғали Жалдыбаев, республикалық және халықаралық жобаларға белсенді қатысқаны үшін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Балтабек Нұрғалиев, облыс мұражайларын безендіруге қосқан үлесі үшін ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вячеслав Щукин, облыстағы мәдениетті насихаттағаны үшін журналист Әнуарбек Мырзатайұлы алады.