18 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

10.00-де Ұлттық зияткерлік меншік институтында «Конституциялық реформаның басымдығы – әділетті қоғам» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді.
11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Елордалық жастарға қызмет көрсету орталықтарының жұмысы туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
13.30-да «Назарбаев Университеті» ДББҰ мен ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.
15.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Спорт күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтеді.
18.00-де «Bibisara» коворкингінде «Астана жастары» ЖРО» КММ салауатты өмір салты қажеттілігі идеясын қалыптастыруға бағытталған «Bolashaqqa Jol» жобасы аясында жастарға танымал тұлғалармен мотивациялық кездесу өтеді.