18 тергеу изоляторында жабық сайлау учаскелері құрылды - ҚР ІІМ ҚАЖК

«Республиканың тергеу изоляторларында тергеу, сот органдары тарапынан тергеу амалдары мен сот процестері жүргізіліп отырған азаматтар ұсталады. Азаматтардың аталған санатының конституциялық құқықтарын іске асыру үшін республикадағы 18 тергеу изоляторында жабық сайлау учаскелері құрылды.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап алдағы сайлауға байланысты ұйымдастыру шаралары басталды. Мысалы, күн сайын белсенді сайлау құқығына ие азаматтардың есебі жүргізіліп, жеке басын куәландыратын құжаттардың расталған көшірмелері сұралуда, қажетті журналдар басталып, бөлмелер бөлінді және т.б. шаралар атқарылды. Бүгінде сайлау учаскелері дайын деп айтуға болады», - деп атап өтті ҚАЖ Комитетінің тергеу изоляторлары бөлімінің бастығы Балабек Жүнісов.
«Алдын ала есептеу бойынша, сайлауға бүкіл республикада бойынша тергеу-қамауда жүрген, дауыс беру құқығына ие үш мыңнан астам тұлға қатысады», - деді Б.Жүнісов.