182 жолаушысы бар ұшақ ғимаратқа соғылды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Британияның British Airways әуе компаниясының ұшағы Йоханнесбург әуежайының екіқабатты ғимаратына соғылды. Апат дүйсенбіге қараған түні орын алды. Лондонға ұшқалы тұрған лайнердің бортында 182 жолаушы болған.
None
None

The Telegraph хабарлауынша, «Боинг 747»-ні басқару кезінде ол қанатымен ұшып-қону жолағына жақын орналасқан кірпіш ғимаратты қағып кеткен. Соққы салдарынан кірпіш ғимараттың бір бөлігі қирады.

«Біздің ұшақтардың біріне Йоханнесбург әуежайында ұшу кезінде зақым келді. 182 жолаушының барлығы дін аман. Ұшақта болған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - делінген әуе компаниясының микроблогында.

Соңғы жаңалықтар