Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

1,9 млрд теңге заңсыз табыс: Binance арқылы сауда жасаған қостанайлық сотталды

АСТАНА. KAZINFORM- 2026 жылғы 14 шілдеде цифрлық активтердің заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) үшін кінәлі деп танылған Қостанай облысының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

офис работа ноутбук сотрудник жұмыс қызметкер
Фото: Kazinform

Сот оны мүлкін тәркілей отырып, 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазалады, сондай-ақ цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ цифрлық майнингке байланысты қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айырды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында сотталған адамның 2020-2024 жылдар аралығында тиісті рұқсатсыз Binance платформасында P2P форматында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу-сату бойынша заңсыз қызметті ұйымдастырғаны анықталды.

Қаржылық операцияларды жүргізу үшін сотталған адамның өзіне де, оның туыстарына және өзге адамдарға да ресімделген банк шоттары пайдаланылды.

Заңсыз қызметтің нәтижесінде ол жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асатын заңсыз кіріс алды, оны қылмыстық шығу тегін жасыру үшін екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырды.

- Облыс прокуратурасының талап-арызы бойынша сот сотталған адамнан мемлекет пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам соманы өндіріп алды. Сонымен қатар, сот мемлекет пайдасына 13,4 миллион теңге сомасына ақшалай қаражатты, 2 жеңіл автокөлікті және 7,9 мың АҚШ доллары сомасына цифрлық активтерді тәркіледі, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстан стратегиялық цифрлық майнинг тетігін енгізіп жатқаны туралы жаздық.